Мемлекеттік қызметкерлер әдебі жөніндегі кеңес

ШҚО-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

21:44, 8 тамыз 2017   41

Мемлекеттік қызметкерлердің әдебін қадағалау барысында бірқатар заң бұзушылық фактілері анықталды. Мәселен, Жарма ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімі басшысы, Суықбұлақ ауылының әкімі тәртіптік жауапкершілікке бірнеше мәрте тартылған. Жаза жеңіл болмаса, мұндай заң бұзушылық қайталанар ма еді?

Биылғы 6 айда 25 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, соның 16-на ескерту және 2-не қатаң ескерту жасалды. Медициналық қызмет пен мемлекеттік сатып алу мәселесі де кеңес отырысында қаралды. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік мекемелерде керек-жарақпен қамдану портал арқылы жүзеге асады. Сол сияқты дәрі-дәрмекке тапсырыс мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жасалады.
Өскемен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дәурен Қасымов Мемлекеттік қызмет туралы заңның 50 бабы бойынша, яғни, жеке тұлғалар құқығын шектегені үшін сөгіс алса, ал  дәл осы баппен Жер қатынастары және ауылшаруашылық бөлімі басшысы Бағдат Акрамов қызметінен төмендету туралы ұсыным алды.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24