ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Мемлекеттік қолдау

12:15, 28 мамыр 2020

Дипломмен ауылға - жас мамандарға берілген жаңа мүмкіндік. Бағдарламаның басты мақсаты - ауыл-аймақты қажетті мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы төленіп, баспаналы болуға жеңілдетілген несие беріледі. Бұдан басқа да мемлекет тарапынан халыққа түрлі көмек көрсетілуде. Дипломмен ауылға бағдарламасы бүгінде қарқынды түрде жүзеге асуда. Ниет білдіруші жастар саны артып келеді. Өскемен қаласынан өткен жылы Көкпекті ауданы Қараөткел ауылына мемлекеттік бағдарлама бойынша келген Сағынай Дидарбек қазіргі таңда мектепте физика және математика пәнінен сабақ береді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың жас мамандарға септігі мол дейді, - ол. Сондай – ақ, көпбалалы аналарға да көмек көрсетілуде. Әр балаға ай сайын жәрдемақы төленіп, барынша қолдауда. Ауданға 2015 жылы көшіп келген көпбалалы ана Әсем Бұқарбаева осындай игі бастаманың шараптын көріп отырған жан. Ауданға келіп, еңбек жолын бастап жатқан жастар мамандар мен көпбалалы аналарға жергілікті билік қөкілдері ары қарай өсіп, өркендеуіне барынша қолдау көрсетпек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар