ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл

17:38, 14 тамыз 2019

Биыл ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осыған орай мекемеде арнайы іс-шара ұйымдастырылды.  Бұл бір ғана қуаныш емес. «Қуанышты бөліссең көбейеді» демекші, департаментке жаңа басшы тағайындалды.Мемлекеттік тіл саясатын берік ұстанған мекеме қызметкерлері өз саласында ғана емес, қоғамдық өмірге де белсене араласатындарын көрсетті. ҚР мемлекеттік кірістер органының құрылуына 5 жыл толуы қарсаңында, мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өткен жөн. Қазіргі таңда департаменттің басты стратегиялық міндетінің бірі - мемлекеттік қызмет көрсету. Өйткені сапалы қызмет  - мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының басты көрсеткіштерінің бірі.Айналасы 5 жылдың ішінде департамент айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. Көптеген өзгерістер мен жаңашылдықтар жұмыс бағдарламасына еніп отыр. Қандай болмасын тың бастамалардан кенже қалмай зор ізденіс үстінде еңбек еткен қызметкерлерді орган үздігі атағымен марапаттады.Аталмыш салада еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры мықты, Туы биік болуына аянбай тер төгіп, жоғары көрсеткіштермен көрінуге қашанда дайын.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар