ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Мемлекеттік гранттарды үлестіру

14:02, 12 тамыз 2019

Қазақстанда мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Конкурсқа 64 мың азамат қатысты. Соның 52 337-сі қазақ тілді, 11 757 – орыс тілді және 87 талапкер ағылшын тілді білім алу бағдарламасына тапсырды. 2019-2020 оқу жылына қанша грант бөлінді? Ол туралы келесі материалда.2019 жылы елдегі жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламасына 53 785, магистратураға өткен жылғыдай, 13 мың, ал докторантурға 2 312 грант бөлінді.Одан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, Үкімет 5 мыңға жуық көпбалалы отбасында тәрбиеленетін және атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтардың оқуларын төлеп береді.Еске салайық, маусымның 20 мен 30 аралығында Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өткен болатын. Оған жалпы саны 110 мың адам қатысқан еді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар