ШҰҒЫЛ! ЖАРҚ ЕТТІ ДЕ, ЖОҚ БОЛДЫ... Толығырақ

МЕМЛЕКЕТКЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН

14:26, 16 сәуір 2018

Мемлекеттік қызметкер мақсатына ұмтылған, әдепті, шешім қабылдауда өз-өзіне сенімді болу қажет. Дәл осындай қасиеттерге «Ең үздік мемлекеттік қызметкер» сайысының өңірлік комиссиясы мән аударды.

Алғаш рет 2017 жылы мемлекеттік қызметкерлер имиджін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Ең үздік мемлекеттік қызметкер» байқауының аймақтық кезеңі мәресіне жетті.  Пализа Көккөзеваның мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткеніне 10 жыл. Өз жұмысын жақсы көреді. Оның айтуынша мемлекеттік қызметке жұмысқа келгеннен бері ол өз алдына мақсат қоя білуді, әр іске жауапкершілікпен қарауды үйренді.

Пализа Көккөзева, конкурсқа қатысушы:

«Мем мемлекеттік қызметке келген мақсатым -  халыққа пайдалы болғым келді.  Бала кезімнен сондай арманым болды. Қазір  жұмысымды 100%  орындауға талпынамын. Сайыста көрсеткеніміз, мәселен,  проблемаларды шығармашылық амал-тәсілдерді қолдана отырып шешу, өздігінен дамыту қасиеттерімізді көрсеттік, және өз жіберген қателермен жұмыс істедік».

Талап бойынша байқауға 1 жыл еңбек өтілі бар облыстық, қалалық аудандық, ауылдық мемлекеттік қызмет саласының  мамандары қатысты. 22 адамның қажетті  стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу деңгейі  анықталғаннан соң қатысушылардың саны екі есеге қысқарды. 

Жанна Кабдолдакызы, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы:

«Сұхбаттасуға 10 мемлекеттік қызметкер өтті. Контингент әр түрлі. Олардың ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері,  жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері бар.  БАҚ, қоғам, мемлекеттік органдар уәкілдерінен құрылған комиссия әділ шешім қабылдап, үздіктерін таңдайды». 

Бірінші кезеңнен өткен мемлекеттік қызметкерлер екінші айналымда республикалық комиссиямен жолығады. Олар ситуациялық жағдай арқылы стратегиялық шешім қабылдау  қабілеттіліктерін көрсетулері тиіс.  

 

 

Оксана Черткова

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар