Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Жиында киберқауіпсіздік пен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды.

21:48, 12 шілде 2017   133

Президент алдымен қазіргі кезде цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталды. Себебі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуынан қалмау бүгінде аса өзекті мәселе. Сондықтан Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында цифрлық технологияларды дамытуға қатысты нақты мақсат қойған болатын.

Елбасы кибер қауіп-қатерге және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалануға да қарсы тұру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ кеңесте террорлық және деструктивті әрекеттердің алдын алу мен оларға қарсы тиімді жұмыстар жүргізуді бір жолға қою қажеттігін ерекше атап өтті.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24