ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

«Мектепке жол» акциясы

14:02, 14 тамыз 2019

Өскеменде жылдағы игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы бастау алды. Көпбалалы отбасылардан, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындар қуанышқа кенелді.Нұрай 2 сыныпқа аяқ басып, жаңа оқу жылының шымылдығын тың күшпен ашпақ. Көпбалалы отбасынан шыққан балапан төрт ағайынды. Нұрайдың анасы Әлмира Оқышпаеваның айтуынша оқу жылына дайындық барысы қалтаны қағатып, біраз әбігерге салады. 1 қыркүйек қарсаңында өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында бүлдіршін үлкен сыйлыққа ие болды.Жергілікті ірі кәсіпорындар балаларды қажетті заттармен қамтамасыз етіп, мұқтаж балғындарға демеушілік көмек көресетеді. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Оқышпаевтар отбасымен бірге дүкенге барып, Нұрай өзіне спорттық және аяқ киім  таңдады.«Мектепке жол» акциясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар