
Өңірдің бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес мектептегі асханалардың жұмысына рұқсат берілді. Естеріңізге сала кетсек, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты 2020-2021-і оқу жылында мектептердің асханаларының жұмысына тыйым салынған болатын. 3-і тоқсаннан бастап ата-аналарының өтініші бойынша 5 сынып оқушылары және 9 мен 11-і сынып оқушылары міндетті түрде мектептерге барып оқитын болады. Осыған орай асханалардың жұмысына да рұқсат берілді. Әлбетте мектепке келген барлық оқушылар бір уақытта асханаға кіре алмайды. Әр сыныптың оқушылары үшін арнайы кесте жасалмақ. Сондай-ақ, асханада санитарлық тазалау жұмыстары жиі жүргізілетін болады.