ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

МЕЙРАМХАНАЛАР МЕН ДӘМХАНАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

15:26, 18 қараша 2020

Семейде қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талаптардың сақталуын тексеру жалғасуда. Кезекті рейд барысында мониторнигтік топ мүшелері қаланың сол жағалауындағы мейрамханалар мен демханаларды тексерді. Айта кетейік, қазір бұл жұмыстарға қаламыздың кәсіпкерлік саласының өкілдері де қатысуда. Жуырда карантиндік шектеулерден зардап шеккен мейрамхана бизнесі өкілдерінің қала әкімімен кездесуінде рейдтік шараларға кәсіпкерлердің де қатысуы ұсынылған болатын. Енді олар тәртіп сақшыларымен бірлесіп күнделікті рейдтерге шығады. Бұл жолы мониторингтік топ қаланың сол жағалауындағы мейрамханалар мен дәмханаларда  карантиндік талаптардың сақталуын тексерді. Кәсіпкерлердің айтуынша, көптеген қоғамдық тамақтандыру орындары қолданыстағы шектеулерге байланысты өз қызметін тоқтатты. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап 1750 кәсіпкерлік субъектісі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Рейдтік шаралардың басты мақсаты - мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес карантиндік шаралардың сақталуын, оның ішінде барлық қажетті жеке қорғаныс және зарарсыздандыратын құралдардың болуын, сондай-ақ қызметкерлер мен көпшілік орындарға келушілер арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтауды бақылау. Белгіленген ережелердің орындалмауы әкімшілік жауапкершілікке соқтыратынын ұмытпаған жөн.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...