ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

МЕЙІРІМ ТАКСИІ

15:12, 10 қазан 2018

“Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс» дейді Елбасы өткен аптада Қазақстан халқына арналған жолдауында. Жұртшылық көңілінен шыққан осы құжатқа сәйкес, Өскеменде тегін такси қызметі іске кірісті. Жаңа бастама мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында қолға алынды. Осындай игі істер жайында әлеуметтік желілерде жазылған еді. Көп кешікпей, мейірім шуағын шашпаққа ұмтылған жерлестер де табыла кетті.

Өскемен қаласының тұрғыны Екатерина Гордеева жеке кәсіппен айналысады. Ал жұмыстан тыс уақытта - такси жүргізушісі. Үйреншікті такси қызметінен оның айырмашылығы - қызметі үшін ақы талап етпейді. Бар ойы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу.

Бүгінде жаңа қызмет түрінің тұрақты тұтынушысы  церебралды сал ауруына шалдыққан Анастасия Рыльскаяның қуанышында шек жоқ.  Мейірімді жандардың арқасында енді ол үйіне қайтуға еш қиналмайды.  Сәрсен Аманжолов атындағы  университеттің студенті  осындай автоеріктілердің көмегімен белсенді өмірге қайта оралып, жаттығу залына барып жүр.

Елімізде инватакси қызметі жұмыс істейді. Бірақ, оның көмегін мүгедектер мемлекеттік мекемелерге бару үшін ғана пайдаланады. Бұған қоса уақыт мөлшерінде шектеу бар. Ал қала әкімі Жақсылық Омардың бастамасымен енген жаңа қызметте шекара жоқ.

Бұл жоба Талдықорған өңірінде де танымал. Өскемендіктер қолға алған істі соңына дейін жеткізуді көздеп отыр.

                                                                                                                               АРНҰР ШАКЕРХАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар