ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

МЕДИЦИНАНЫҢ ДАМУЫ

14:02, 19 сәуір 2019

Облыстың онкология және хирургия көпсалалы орталығы мен Алматы қаласының Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты арасында стратегиялық әріптестік жөнінде келісімге қол қойылды. Екі жақты келісім орнатылған қарым-қатынасты нығайтып, әріптестік аясын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Өңір онкологтары алматылық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мамандарымен тығыз қарым-қатынаста. Жергілікті дәрігерлер біліктілікті көтеру курстарынан өткен. Жаңа технологиялардың көмегімен институттың ғылыми-педагогикалық білікті мамандарымен байланыс орнатып, үнемі кеңесіп отырады. Қол қойылған келісімге сәйкес, облыстың онкология және хирургия орталығы алматылық профессорлар үшін клиникалық, ғылыми әрі білім беру базасы ретінде болмақ. Бұл бағыттағы әріптестік қолданбалы ғылыми зерттеуді дамыту үшін жаңа ресурстарды тартуға ықпал етеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл
17:38, 14 тамыз 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл...
Толығырақ...