ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Медицина қызметкерлері спартакиадасы

13:30, 14 маусым 2019

Жылдағы дәстүрмен медицина қызметкерлері спартакиадасы алдағы кәсіби мереке қарсаңында болып өтті. Спорттың 5 түрі бойынша Өскеменнің 16 емдеу орны сынға түсті. Былтыр Кубокты «Ана мен бала орталығы» иеленсе, осы ретте көшпелі сыйлық облыстық ауруханаға бұйырды.  «Жаны саудың – тәні сау» деген ұранмен маусымның 11-13 аралығындағы спартакиадаға озық командалар қатысты. Біз байқаған  мамандықтың ерекшелігі өнер мен спортты негізгі қызметінен бір елі қалдырмай, қатар алып жүретіндігі. 300-ден артық кісі бір күн халатсыз ақыл-ой мен қара күшті сарапқа салды. Шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, мини-футбол, арқан тартыс, эстафетаға жүгіруден жарысты. Спартакиаданы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру медициналық мекемесі денсаулық сақтау басқармасы қолдауымен ұйымдастырды. Ұрпақтар сабақтастығының салада маңызы зор. Аға буынның ізін басып, ісін жалғастыруда ілгері шыққан жастар легі өскен. Заманауи технологияларды игеруде жан-жақты білім-біліктілікке мән береді. Сондықтан спорт – пайдалы дағды. Облыс медицинасы жыл өткен сайын өзгерісімен, жаңашылдығымен алға қарыштап отыр. Материалдық-техникалық базасы құнды құрал-жабдықтармен қамтылып, адам өмірін ұзарту жолында тер төгіп келеді. Қызмет сапасын жоғарылатып, үздік кадр тобын даярлауда республикада өзіндік қолтаңбасымен белгілі.  Күнделікті жаттығып, шыныққан қауым үшін бұл спартакиада жемісті болды. 1 орын облыстық ауруханаға, 2 орын «Ана мен бала орталығына», ал үшіншісі - «Жедел жәрдем» станциясына бұйырды. Кәсіби мейрам құтты болсын! 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар