ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Мәдениеттің ордасы

13:53, 13 қыркүйек 2019

Қала күніне арналған мерекелік шаралар бір апта бойы жалғасуда. Басты оқиғаларының бірі — қаланың тарихи орталығында Жамбыл атындағы саябақты Қасым Қайсенов  саябағымен қосатын жаяу жүргіншілер алаңының ашылуы. Жаңа демалыс аймағы «Арбат» деген атауға ие болды. «Арбат» атауына ие болған демалыс орны шығармашылықпен айналысатын азаматтардың ордасына айналып отыр. Суретшілер, музыканттар, әртістер, қолөнер шеберлері барлығы осы алаңда. Ендігі кезекте қала тұрғындары: «Бізде де Арбат бар!» деп мақтанышпен айта алады. Бір қызығы мәскеулік Арбат 1986 жылы ғана пайда болды. Ұзақ жылдар бойы ол екі жолақты көлік қозғалысын қамтамасыз ететін әдеттегі көше еді. 80-ші жылдары жоба авторлары арасынан Арбатты серуен аймағына айналуын мақұлдамағандар да табылды. Дегенмен демалыс орны жаңғыртылғаннан кейін өзге аймақтарда да осы сынды орталықтар ашыла бастады. Кейіннен  шығармашылығымен бөлісуге ұмтылатын өнер әуесқойлары қауымдастығының символына айналды. Арбаттың тарихи орында ашылуы тегін емес. Бұл жерде жүз жылдан астам уақыт бұрын Андреев көшесі орналасқан.  Өлкетанушылардың айтуынша дәл осы орын мәдени орталық болған деседі. Арбат уақыт өте келе қала тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналары сөзссіз.  Ашылу салтанатына жыйналған қалалықтардың саны бұған дәлел. Жастар қауымы да бұл орынның ерекше екендігін айтуда. Келесі жылы облыс орталығының тұрғындары Өскеменнің 300 жылдығын атап өтеді.  Осындай  маңызды күн қарсаңында Арбат түрінде жасалған сыйлық шын мәнінде маңызды оқиғаға айналып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар