ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӨНДЕЛДІ

18:17, 10 қыркүйек 2020

Шемонаиха ауданына қарасты Рулиха ауылының мәдениет үйі биыл жөндеуден өтті. Шағын елді-мекендегі нысан жылдар бойы жаңғырмай, ескі қалпында тұрған еді. Биыл бюджеттен қаржы қарастырылып, проблема бір жақты болды. Ауылдағы мәдениет үйлері әдетте жас-кәрінің басын қосатын рухани орталық. Күйісі кеткен нысан көпті алаңдатқан еді. Ал жуырда жүргізілген жөндеу жұмыстарынан соң Рулихадағы мәдениет үйі түрленіп шыға келді. Әлбетте, бұл жаңалық ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Мәдениет үйінде бірнеше үйірме бар. Ауылдың өнерлі өрендеріне хореография сабақтары жүргізіледі. Әрине, карантин кезінде барлығы қашықтықтағы жұмыс форматына көшті. Дегенмен, мәдениет үйі ұжымының алдағы күндерге жоспарлары ауқымды.  Қалпына келтірілген мәдениет үйінде алдағы уақытта үйірмелер саны артпақ. Жөнделіп, жаңарған нысанға енді көрермендер қуана-қуана жиі келетін болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар