ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

МӘДЕНИ-ТУРИСТІК КӨРМЕ ӨТЕДІ

13:20, 21 ақпан 2019

Шығыс Қазақстан облысына Қытай елінің 15 ірі турфирма өкілдері келеді. Өңірде алғаш рет Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығы мен Орталық Азиядағы Қытай мәдениет және туризм министрлігі өкілдері ұйымдастыруымен үлкен фотокөрме өтеді. Мәдени іс-шара облыстық әкімшілік қолдауымен өтеді. Көрме 26 ақпанда Өскеменде ашылады. Туризм саласында іскерлік байланыс қалыптастырып, Қытай мен Қазақстан, екі елге бірдей турист тарту мақсатында Өскеменде бірнеше күнге созылатын «Тамсандырған Шығыс Қазақстан. Әсемдігімен баураған Қытай» атты үлкен фотокөрме өтеді. Бірінші күндері жергілікті билік өкілдері аспан асты елінен келген меймандарды өңірдің туристік әлеуетімен таныстырады. Содан кейін облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында екі елдің таңғажайып табиғат көркінен көрініс беретін 50 туынды қойылған үлкен көрме ашылады. Көрме жұмысы бір айға созылады. Бұл жерде тұрғындар мен қала қонақтары қытайлық мәдениет пен шет ел өнерімен жақын танысады. Іс-шараның салтанатты ашылуы облыстық драма театрында өтеді. Отандық әртістермен қатар Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданы әншілерінің бірі өнер көрсетеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...