ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

МАС ЖҮРГІЗУШІ 4 БАЛАНЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

14:08, 7 қыркүйек 2020

Бородулиха ауданы Жаңа Шүлбі ауылында жан түршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 5 қыркүйек күні кешкі сағат  жетіге таяу "Mitsubishi Chelenger" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетінде ойнап жүрген төрт баланы қағып кеткен. Анықталғандай, автокөлікті тізгіндеген 31 жастағы азамат ішімдікке сылқия тойып алған. Жол апаты салдарынан 10 жастағы қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Ал қалған балалар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал автокөлік жүргізуші ұсталып, аудандық полиция бөлімінің уақытша изоляторына қамалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мұндай қылмыс үшін Қылмыстық кодексте 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ 10 жыл бойы көлік жүргізуге тыйым салынуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Үш баланы жарақаттап, бір баланы ажал құштырған мас жүргізуші. Бородулиха ауданы Жаңа Шүлбі ауылында жан түршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Оқыс оқиғаның мән-жайы туралы мен Аяулым Болатқызы кешкі жаңалықтардан айтамын.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар