ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Маңызды саладағы ілкімді істер

13:30, 16 мамыр 2019

Биылғы 1 ақпаннан бастап Алтай және Аягөз аудандық ауруханалары үшінші деңгей бойынша қызмет істеп келеді. Облыста сонымен қатар ерекше қажеттілікті талап ететін балалар, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі көтерілді. Осы және өзге де жаңалықтар туралы тілшілер сюжетін көріңіздер.Бүгінде облыста мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы негізінде медицина саласында атқарылып жатқан жұмыс ауқымды. Десе де нәресте өлімі мен қан айналымы жүйесі ауруларына шалдыққан науқастар саны азаймай тұр.Өңірде дамытуға тиіс басым бағыттардың бірі - медицина. Медицина мамандарының біліктілігін арттыру, ауруханаларды соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтуда өзге облыстарға қарағанда өңірде айрықша мән беріледі. Облыстық аурухана базасында ашылатын кардиоорталық жобасы мен құрылысы,  жабдықтау жұмысына қатысты мәселе ағымдағы жыл ішінде шешілуі тиіс.Облыс басшысының қатысуымен өткен отырыста ерекше қажеттілікті талап ететін балалар, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру жайы сөз болды. Лагерлерде өткен жылы балалар білім көкжиегін де кеңейтуге мүмкіндік алған еді. Өңір тарихымен танысып, шет тілдері мен ІТ технологияны меңгеруге жағдай жасалды. Жақында Алтай ауданы, Бұқтырма жағалауындағы бір пансионат тексерілді. Ғимарат толығымен жөнделіп, ретке келтірілген соң ІТ-лагерь ашылады. Талантты балалар өздерінің ғылыми жұмыстарын жетілдіріп, шығармашылық байқауларын өткізеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл
17:38, 14 тамыз 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл...
Толығырақ...