Мал ұрлығын болдырмау - басты мәселе

21:44, 6 қыркүйек 2017

Өңіріміздің алыс-алыс ауылды жерлеріндегі төрт түлікке тыныштық болмай-ақ қойды. Тәртіп сақшылары бұған көбінесе иелері кінәлі екенін алға тартады.

Жалпы облыс аумағында мал ұрлығы түбегейлі тиылмағанымен, биылғы жылы біраз азайған. Алайда, кейбір аудандар мен қалаларда керісінше көбейіпті. Оған себеп, қожайындарының қолындағы қой мен ешкісін, жылқысы мен сиырын қараусыз жіберуі екен. Мәселен, жыл басынан бергі 8 айдың ішінде жоғалған төрт түліктің жартысынан көбі далада емен-еркін жүрген жерлерінен қолды болған.

Түсіндіру жұмыстары дегеніміз – ауылдағы тұрғындармен тікелей кездесіп, мал бағуды қайта үйреткенмен бірдей. Аудандарға арнайы шыққан ішкі істер департаментінің қызметкерлері жергілікті жердегі халыққа қырағы болуды қадап ескертуде. Ал алаңсыз жүрген кейбір жұрт, жоғалған малына іздеу салуды, бір жыл өткен соң да естеріне алатын көрінеді.
Сондықтан да, ішкі істер органдарының өкілдері жоғалған малын өздері іздеп жүріп алмай, дереу хабарлауды сұрайды. Сонда ғана, осы өткізіліп жатқан сансыз кездесулер мен жиындар нәтижелі болмақ. Ұрланған малдың табылуы мен ұрының ұсталуына да елдің сенімі басымырақ болатыны сөзсіз.

 

Тақырып бойынша материалдар

18:57, 23 қараша 2017
Өндіріске индустрия-4.0 элементі енгізіледі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар