ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

МАЛ ӨСІРСЕҢ, ТҮЙЕ ӨСІР

18:15, 4 қыркүйек 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа кезекті Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құрудың мүмкін еместігі айтылды. Дәлірек айтсақ, аграрлық кооперацияларын құрып, қосалқы шаруашылықтарды дамытуға баса көңіл бөлуді тапсырды. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласының дамуына тың серпіліс берері анық. Осы негізде өңірімізде түйе шаруашылығын дамытуды қолға алса,-дейді мамандар. Өйткені, Шығыс Қазақстанның климаты мен жер жағдайы түйе өсіруге қолайлы. Соған қарамастан бұл  өңірімізде кенже қалған шаруашылықтардың бірі. Ресми мәлімет бойынша бүгінгі күні облысымыздағы түйенің саны 600-ге жетер жетпес қана. Өңірімізде Ойсыл қара түлігін өсіруге не кедергі? Алдағы бейнематериалда толығырақ.

Түйе шаруашылығы еліміздің Оңтүстік аймақтары мен Маңғыстау облыстарында жақсы дамыған. Ойсыл қара түлігі негізінен шөл және жартылай шөлейтті аймақтарға бейім. Шығыс өңірі жартылай шөлейтті аймаққа жататындықтан, климаты түйе өсіруге қолайлы, - дейді мамандар. Қазір көшпелі қазақтың берекесі болған түйе түлігінің саны облыста 600-дің шамасында ғана. Ең көбі Абай ауданында. Ондағы бір шаруашылықта 160 түйе бар. Бөлім мамандарының айтуынша, түйе шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар көп емес. Оны субсидиялаудың өзіндік талаптары бар. Мәселен селекциялық мақсатта аталық түйе сатып алынса, бір басқа 100 мың теңгеден субсидия беріледі. Сонымен қатар шұбат өндірісіне де қолдаулар бар. Түйе өсіргісі келетіндер ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсібін бастауына да мүмкіндігі бар, - дейді мамандар. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Шаруашылықтың дамымауының бір себебі де осы. Дегенмен бірер жыл бұрын саусақпен санарлықтай ғана болған түйе түлігінің саны қазірде өсіп келе жатыр. Бүгінде Көкпекті, Тарбағатай, Үржар, Ұлан аудандарының кәсіпкерлері түйе ұстайды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар