ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ДЕНСАУЛЫҚ КОДЕКСІ Толығырақ

ЛОТЕРЕЯ ОЙНАТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

18:00, 10 ақпан 2020

Қазір әлем желіні ашып қалсаңыз ұтыс ойындарынан көз сүрінеді. Танымал блогер, вайнер, спортшылар мен шоу бизнес өкілдері ешқандай лицензиясыз пәтер, көлік, смартфондар мен ақшалай сыйлықтарды ойнатуды әдетке айналдырған. Енді мұның бәріне заңмен шектеу қойылады. Яғни, ұтыс ойындарын өткізу үшін ұлттық оператордың рұқсатын алу керек, олармен келісімге отыру шарт. Заңда ұйымдастырудың барлық тетігі көрсетілетін болды.

Тиражды комиссияның барлық міндеттерін заңда көрсетуіміз керек. Басты міндетіміз лотереялар мен ұтыс ойындарының мерзімін, шарттарын, механизімін анықтау, заңға енгізу. Мемлекет пен қоғамдық бақылауды күшейтіп, ұтыс ойындарының әділ өтуін қамтамасыз етуіміз керек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар