ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЖАҢА КӨКЖИЕК

14:02, 14 наурыз 2019

Қазақ тілі латын графикасына көшірілуіне байланысты ел ішінде көпшілік қауымның жаңа әліпбиде оқып-жазуы үшін көзі мен қол дағдысы қалыптасуына бағытталған іс-шаралар барынша орындалу үстінде. Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Латын әліпбиі – жаңа көкжиек» атты әдістемелік негіздегі тәжірибелік сабақ өтті. Әзірге қазақ тілінің латын графикасына көшірілуіне байланысты емле ережелері бірізді бекітілген жоқ. Көпшілік қауым жақында бекітіледі деп күтіп отыр. Астанадағы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл–қазына» ұлттық орталығының орфография бөлімі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Тіл білімі» институтымен бірлесіп, емле ережелерінің жобасын дайындады. Жоба үш рет талқылаудан өтті. Ескертулер мен ұсыныстар ескерілді. «Латын әліпбиі – жаңа көкжиек» атты әдістемелік негізді тәжірибелік сабаққа С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университет оқытушылары мен студенттері кітапхана оқырмандарымен бірге қатысты. Студенттер жаңа әліпбиді қаншалықты меңгергендерін өздеріне берілген тапсырмаларды орындау барысында көрсетті. Акутты жүйеге негізделген жаңа әліпби 32 әріптен тұрады. Бұл жүйе біздің тілімізде «а»-ны «ә»-ге, «н»-ды «ң»-ға айналдырып, ұяңдату қызметін атқарады. Кірме сөздер емлесі өзгеріске ұшырайды. Осы орайда кирилл әліпбиіне үйренген қазіргі қоғамда түсінбеушілік туып отыр дейді тіл мамандары. Жаңа емле ережесіне сай, мысалы «маневр» сөзі «мәнөвір» деп оқылып, айтылады. Сондай-ақ, «ё» әрпімен қоса, я, ю, жіңішкелік, айыру белгісі, «ц» тәрізді әріптер де жойылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...