ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

10:49, 17 мамыр 2018

Өскеменде латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған семинар өтті. Шараға қатысушылар мамандар дайындаған ақпараттық дәріс түріндегі бейнесабақты тамашалады.

Латын әліпбиін жазбаша түрде қолдану өзге графикаларға қарағанда оңай.  - Сондықтан да тұрғындар қазірден бастап, оны күнделікті өмірде қолданысқа енгізе бастағандары өздері үшін дұрыс, – дейді мамандар. Азаматтардың сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі бейнесабақтар өткізіледі. Әріптердің дұрыс  айтылуы және жазылуы ережелері түсіндіріледі.

АЙНҰР ӘУБӘКІРОВА,  ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІН ЖАҢҒЫРТУ МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

«Үш тілді меңгерген кез келген сауатты адам үшін латын әліпбиіне көшуге жеңіл. Оны біз қолданып та жүрміз деуге болады. Мәселен, ағылшын тілін білу арқылы біз латын әріптерінде түрлі смс хабарламаларды жазып  жүрміз. Сондықтан оны үйрену қиынға соқпайды деп ойлаймын. Ол уақыт еншісіндегі дүние».

Латын әліпбиіне көшу арқылы кез келген адам мемлекеттік тілмен қатар ағылшын тілін де меңгереді.


ӘСЕЛ ОМАРОВА, КІТАПХАНАШЫ:

«Шараның мақсаты - тұрғындарды латын әліпбиімен таныстыру және жазылу ережесін түсіндіру. Біздің мамандарды, филологтарды сауаттылыққа үйретуде. Өйткені, болашақта олар өз үйренгендерін жастарға үйретеді».

Семинарға қатысушылардың айтуынша, латын әріптерін күн сайын жазып, жаттығу керек. Сол кезде латын әліпбиіне көшу оңай болады.

САЛТАНАТ КЕНЕСПЕКҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар