ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Қыстың қамын жаз ойла

17:12, 8 тамыз 2019

Бұл күндері жұртты алаңдататын басты мәселе – көмір тапшылығы бар ма, қымбаттап кеткен жоқ па?  Өскемендегі жағдайды бағамдау үшін табиғи отын сатылатын сол жағалаудағы қойманы аралап, жұмыс барысын бақылап, жергілікті билік өкілдері ұсынған ақпаратқа қанықтық.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының айтуынша қордағы бар көмір жеткілікті, дегенмен тұрғындардың белсенділігі байқалмайтын көрінеді. Күздің  алғашқы күндерінен-ақ көмірдің қымбаттайтыны қалыпты жайт екендігі жасырын емес. Сонымен қатар  жығылғанның үстіне жұдырық болып,  орта жолдан алыпсатарлар қосылып, баға күрт өсіп кететіні де белгілі. Биыл бұл жағдайдың  алдын-алу мақсатында қатты отынды сату мезгілі  ертеден басталған.Облыс орталығында қатты отынның жетіспеушілігін болдырмау мақсатында екі бірдей орын дайындалған. Ол жердегі отынды сақтау қоймасының  көлемі 2500  тонна. Сонымен қатар биыл әдеттегідей әлеуметтік көмір де саудалануда. Тұрғындар тарапы аталған бастамаға дән риза. Себебі, қызмет құны қалтаны қақпайды. Тасымалды ұйымдастыру үшін әкімшілік тарапынан арнайы көлікте қарастырылған. Мәселен, Ауған соғысының ардагері, Ушанов аулының тұрғыны Қайырлы Беспаев  өткен жылмен салыстырғанда кезектің азайғандығы көңіл қуантады, - дейді. Бұған дейін ұзын сонар кезекте тұрған азамат қысқа ертеректен қамдануға кіріскен.Бүгінгі таңда тұрғындар арасында көмірдің сапасы нашар, өткен жылғысы саудалануда деген алып-қашпа әңгімелер тарауда. Алайда,облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жалған ақпараттарға сеніп, негізссіз байбалам салмай, нақты мәліметтерге ғана сүйенуге шақырады. Себебі, Қаражырадан тасымалданатын отынның сапасы жоғары және күніне 7-8 вагон көмір тамсымалданатынын алға тартады.Көмірге сұраныс қыркүйек, қазан айларында артып, бағаның шарықтап кететіні сөзссіз. Қамданған қапы қалмайтынын ескерсек, қазіргі бағамен саудаланып жатқан қара алтынды дер кезінде сатып алған жөн болар.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар