ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

"ҚҰТҚАРУ ШЕҢБЕРІ" АКЦИЯСЫ

17:39, 10 тамыз 2020

Жаз маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстанда суға кету фактісі жиілеген. Тіпті, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырсақ қайғылы оқиғаға душар болғандар саны екі есеге артқан. Төтенше жағдайлар мамандарының мәліметінше, негізгі себептердің бірі аптап ыстықта белгіленбеген жерлерде демалушылардың суға шомылуы болса, тағы бір алаңдататын мәселенің бірі балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы. Осыған орай тиісті сала мамандары еріктілермен бірге арнайы рейд жұмыстарын күшейтіп, сақтық шараларын жіті бақылауға алған. Сондай іс-шараның бірі көпшілік жиналатын «Самал» жағажайында ұйымдастырылды.

Аптап ыстықта жағажайға келушілер қарасы көп. Алайда қарапайым қауіпсіздік ережелерін бірі білсе, енді бірі елемей жатады. Осы ретте бүгінгі қолға алынған шараның мақсаты - демалушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған. Мәселен, арнайы өткізілген жарыс соның бір көрінісі деуге болады. Сайыс талабына сәйкес әр қатысушыға құтқару шеңберін суға батқан адамға дұрыс  қолдана білу тапсырмасы жүктелді. Ниет білдіргендер арасында балалар мен  ересектер де бар. Нәтижесінде, тапсырманы дұрыс орындай білгендер үздік деп танылып, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтарға ие болды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша көпшілік демалатын 359 орын белгіленген. Оның 180 қоршау қойылған арнайы жағажайлар. Жауапты сала өкілдерінің мәліметінше тиісті орындарда бақылау жұмыстары жіті назарда. Алайда, әр демалушы өз өміріне әуелі өзі ғана жауапты болатын естен шығармаса игі. Мамандардың сөзінше еріктілермен қолға алынған  шараның демалушыларға берері мол. Өйткені, осындай түсіндіру жұмыстары арқылы өңірдегі қайғылы оқиғалардың саны азаймақ.

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
17:56, 18 қыркүйек 2020
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар