ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

15:47, 28 қыркүйек 2020

Ұлан ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының көпшілігі аяқталуға жақын. Аудан әкімдігі өкілдері осылай дейді. Айта кетейік, жыл басынан бері ауданның түгел дерлік елді мекендерінде жол жөндеу, ауыз су жүйесін орнату, жарықтандыру сияқты шаралары қолға алынған. Мамай батыр ауылында қайта жөнделіп жатқан бұл көпір тұрғындарға шапағатын тигізбек. Құрылыс басшылары биыл мамыр айында басталған жұмыстар қараша айына дейін аяқталады деп сендіріп отыр. Толық біткен соң көпірдің пайдасы көп болмақ. Себебі ауыл тұрғындарының көпшілігі іргеде тұрған облыс орталығына барып-қайтып жұмыс істейді. Ал, Бозанбай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның іші жаңаша кейіпке енгендей. Мұнда жаз маусымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су жүйесі жаңартылып, ғимараттың есік-терезелері ауыстырылған. Жанұзақ ауылындағы Башиков атындағы негізгі мектеп те жол картасы аясында жөнделген. Мектеп директорының айтуынша ғимараттың салынғанына биыл 50 жыл болды.  Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде де іргелі жұмыстар аз емес. Бірнеше балаларға арналған ойын алаңы салынып, көшелерге жаңадан тасжол төселді. Аудан әкімдігінің мәліметінше кентте басталған құрылыс жұмыстары аяқталған.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар