ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

КҮРШІМ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫ

15:34, 14 қыркүйек 2018

Күршім ауданының жаңа әкімі тағайындалды. Аудан басшысын облыс әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Сонымен бірге Күршім ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы кезектен тыс аудандық мәслихат сессиясына қатысып, 1000 бас сиырға шақталған мал бордақылау кешенінің жұмысымен танысты.

Ұлан ауданы әкімінің орынбасы қызметін атқарған Дулат Қажанов Күршім ауданы әкімі лауазымына тағайындалды.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Күршім ауданы активімен кездесуінен кейін аудандағы білім нысандарын аралады. Белгілі болғандай қырық бір мектептің жетісі ғана толық жинақталған. Назарбаев зияткерлік мектебі стандарты бойынша  кабинеттері бар.

Қалған 34  шағын жинақталған мектептер. Облыс әкімі Даниал  Ахметов «шағын жинақталған мектептерге қатысты әңгіме мүлдем басқа, мәселелер де жоқ емес» деді.

Мектептердің жағдайымен танысқан соң, облыс әкімі  Абай ауылдық округіне барды.  Сол жердегі мал бордақылау кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Өңір басшысы Даниал Ахметовтың пікірінше, қазір жаңа технологияларға бет алған жөн.

Фермерге мемлкекеттік бағдарлама аясында заманауи техника сатып алу үшін қажетті қолдау көрсетілмек. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Күршім ауданы әкімі Дулат Қажанов, кәсіпкерге мың бас ірі қара малды бордақылау  үшін тағы  қосымша жер телімдерін бөліп береді.

ОКСАНА ЧЕРТКОВА

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар