ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Күрделі жөндеу жүруде

14:08, 3 маусым 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында «Білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі де өте өзекті мәселе. Менің тапсырмам бойынша, әкімдер барлық мектепті бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, заманауи санитарлық талаптарға сай жағдай жасайды. Бұл шара жыл соңына дейін жүзеге асырылады» деген болатын. Осылайша білім беру орындарындағы инфрақұрылым алдыңғы қатарға шығып отырғаны байқалады. Ұлан ауданындағы бірқатар мектептер қазір күрделі жөндеу үстінде. Кәріз жүйесі орнатылып, жылу батареялары толығымен ауыстырылуда. Герасимовка орта мектебінің қабырғасы 2005 жылы қаланған. Содан бері, яғни, 15 жыл бойы білім ордасында оқушыларға арналған әжетхана мектеп сыртында орналасқан. Бұл әрине, бүгінгі заман талабы мен санитарлық-гигиеналық ережелерге сай келмейді. Дегенмен, кемшілік қазір түзелейін деді. Сонымен қатар, мектептің шатырын жөндеу жұмыстары да жоспарда тұр. Қарқынды жөндеу жұмыстарының бірі Төлеген Тоқтаров атындағы мекте-балабақшасында жүруде. Тозығы жеткен жылу батареялары ауыстырылып, жаңасы орнатылмақ. Жоспарға сәйкес шаралар шілде айының соңында бітпек. Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру аясында биыл 80 жаңа білім беру нысаны бой көтеріп, қайта жөндеуден 16 және 1700 білім ошағы нысанын жөндеу жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар