ШҰҒЫЛ! МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ Толығырақ

КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ

12:43, 6 ақпан 2019

Облыс орталығы ауруханалары заманауи қондырғылармен жабдықталып, бүгінгі таңда сан алуан операцияларды жасауға мүмкіндік туды. Тек былтырдың өзінде аймақтың медициналық мекемелерін жаңа қондырғылармен қамтуға 24 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінгені белгілі. Жаңа техниканың көмегімен білімін шетелде жетілдіріп келген дәрігерлер түрлі дертке шалдыққан нәрестелердің сауығып кетуіне септігін тигізуде. Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы тор қабығының дамуының бұзылуы салдарынан пайда болатын көз ауруы. Көру қабілетінің толық жоғалуына әкелуі мүмкін. Ана мен бала орталығы мамандары бұл дертті заманауи тәсіл қолдана отырып емдейді. Жаңа қондырғылар көмегімен Астана мен Алматы қалаларына бармай-ақ, күрделі оталарды, облыс орталығында жасауға болады. Мерзімінен бұрын туған шақалақтарды операцияға дайындау ісі біраз уақытты қажет етеді. Баланың салмағы, өзге аса маңызды органдарының жағдайына зер салынады. Паталогиясы ескеріліп, әрбір науқас жіті бақыланады. Көз ауруын емдейтін мұндай операциялар күрделі, яғни, 4 деңгейлі операциялар. Бүгіннің өзінде арнайы лазерлік аппаратпен 50 жуяқ балаға ота жасалды.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
13:38, 22 ақпан 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
13:25, 18 ақпан 2019
15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
Толығырақ...