ШҰҒЫЛ! ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ КҮНДЕРІНДЕГІ ТАЛАП

19:18, 30 шілде 2020

Барша мұсылмандар үшін киелі Құрбан айт мейрамы биыл өзгеше өтеді. Өкінішке орай, әлемді жайлаған індетке байланысты облыстың бас санитар дәрігерімен бірқатар ережелер бекітіліп отыр.

Еске сала кетейік, ҚМДБ-ның жанындағы ғұламалар кеңесінің шешімімен Құрбан айт шілде айының 31-інен тамыздың 2-іне дейін деп нақтыланды. 31-і жұма күні жамағатпен айт намазы оқылмайды. Себебі, діни орындар әлі де жабық. Дегенмен дін қызметкерлерінің сөзінше бұдан жақсылық жасап, құрбандық шалған адамның сауабы кемімейді. Оған қоса, осы жылы құрбандықты онлайн шалу ойластырылған.

Ермек Мұқатайдың айтуынша, әлеуметтік жағдайы төмен жандар да сайтқа кіріп арнайы бөліміне деректерін жазып, құрбан шалынған малдың етін ала алады. Барлығына бірдей айттың үш күнінде жеткізіліп беріледі. Бас имам малдың сойылуы жайлы ақпаратты, сурет, смс, қажет болса бейнежазба арқылы жолданып, адамдардың мал сою орындарына, мешітке бармауларын баса айтты.

Сондай-ақ тұрғындардың қандай да бір сұрақтары болса Өскемен және Семей аймағы бойынша колл-орталыққа хабарласып білуге болады.

 

   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
18:06, 23 қыркүйек 2020
ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
Толығырақ...