ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Құрбан айт

14:12, 8 тамыз 2019

Күллі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі «Құрбан айт» биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйғарымымен 11 тамызға келеді. Қалалық әкімдікте өткен  баспасөз конференциясында облыс аумағындағы дайындық барысы жайлы сөз болды. Тілшілер сюжеті сабақтайды. Мұсылманның қасиетті мерекесі жыл сайын хижра күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында, Арафа күнінің ертесінде және Ораза айттан соң 70 күн өткенен кейін аталады. Үш күнге созылатын мейрамда барша жамағат бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, дастархан жайып, қайырмды іс жасайды.Қасиетті Құранда: «Аллаға құрбандықтың еті де, қаны да жетпейді. Аллаға сіздердің сенімдеріңіз ғана жетеді.» деп жазылған. Осы сөзді тілге тиек еткен Ермек қажы Мұқатай алып-сатарлар бағаны шарықтатпай, тазалыққа аса мән берсе деген тілегін жеткізді. Аллаға құлшылық етіп, айт намазы уақыты қай кезде оқылатынын жиналғандарға хабардар етті.Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр мен түйе шалынады. Сиыр 2 жасар, түйе 5 жасар болуы керек. Сондай-ақ, ірі қараны 7 адамға дейін бірігіп шалуға рұқсат. Құрбандық шалу рәсімі үш күнге созылады. Мерекенің екінші күні мұқтаж жандарға мал еті үйлестіріліп таратылады. Мал соятын орын жылдағыдай Шығыс ауылы маңында болады.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар