ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ҚҰМКӨЛ ДИҚАНДАРЫ

14:45, 12 қыркүйек 2018

Оңтүстік Қазақстан облысы халқының тығыз орналасуына байланысты екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтар Кенді Алтайға қоныс аударды. Жерсініп, шаруасын өрге жетелеп келеді. Осы тұрғыда екі мақсатты жобаға мән берілген еді. Қазақыландыру және жұмыспен қамтылу, яғни, еңбек ресурсының теңсіздігін реттеу саясаты. Мемлекет тарапынан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына арнайы тармақ енгiзiліп, аталған мәселенi шешудiң оңтайлы жолдары белгiленді. Соңғы 4 жылда Тарбағатайдың Құмкөл ауылдық округіне 20 отбасы Шымкент жақтан табан салды. Бәрі болмаса да бірқатары қазір еңбек етіп жүр.

Құмкөлдің 20 жылдай игерілмей, иесіз жатқан егістік алқаптарына су арнасы жүргізіліп, қауын, қарбыз, қырыққабат, қызанақ, қияр, сәбіз өсімдіктері 2015 жылдан бері егіледі. Мемлекеттік бастама өзектi мәселенiң түйiнiн шешкендей, жұмыссыздық көрсеткіші төмендеп, жергілікті тұрғындармен қатар бүгінгі Түркістан облысынан, Өзбекстан, Қырғызстаннан диқаншылар еңбек етіп жатыр. Жер телімдерін иемденген шаруа қожалықтары құрылды. Солардың бірін Бекжан Жұманов басқарады. 

Алғашында жұмыс күшi тапшы деген Тарбағатайға бет алған көшті экономикалық тұрғыдан қолайлы орналастырып, өздеріне үйреншікті кәсіп ұсынылды. Енді соның жемісін бәрі көріп отыр.  Тұрмыс-жағдайды маңдай терімен бүтіндеген қауым шаруашылық жайын жақсы білгендіктен түлетіп әкетті.  Өскен өнімде ысырап  жоқ.

 

Диқандарға қызмет істейтін техника Семей мен Беларусьтен әкелінген. Бекжан Жұманов тракторларын лизингіге және қолма-қол ақшаға алдым деген. Ұжым құрамында темір тұлпар сынса, жөндейтін өз шеберлері бар.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар