ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Құқықтық қорғау

14:20, 4 қыркүйек 2019

Облыс тұрғындарына тегін құқықтық қызмет көрсететін әлеуметтік заңгерлер жұмыс істейтін болады. Заң тұрғысынан кеңес беретін жаңа бөлім «Қорғау» атты тың жоба аясында жүзеге асады. Негізгі мақсат – халықтың білімін жетілдіру мен қиын жағдайға тап болған азаматтарға құқықтық қолдау жасау.Өскеменде мемлекеттік органдар мен адам құқығын қорғайтын үкіметтік емес ұйым өкілдерін біріктірген семинар-тренинг өтті. Елордалық мамандар Полиция департаменті мен заңгерлерді оқыту үшін облыс орталығына арнайы келді. Жергілікті құқық қорғаушылар сөзінше, жаңа жоба тұрғындарға түрлі мәселені шешуге және өз құқығын сотта да қорғай алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, құқық қорғау мамандарының айтуынша, азаматтардың көбі заңды дұрыс біле білмейді. Кей жағдайда өз құқығының бұзылып жатқанынан да бейхабар болуы мүмкін. Ал, жаңа жоба арқасында «Қорғау» порталы жұмыс істей бастады. Ол жерде елдегі барлық азамат түрлі бағыттағы кез-келген заңға қатысты сұрақ қоя алады. Платформада құжаттар бланкілері бар. Ол бланкілер арқылы азаматтар кәсіби заңгерге жүгінбей-ақ, мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдана алады. «Қорғау» порталы мен әлеуметтік заңгерлер өз жұмысын қыркүйек айының соңында бастайды. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...