ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ

19:04, 12 наурыз 2019

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев жұртшылық алдында есеп берді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқыққорғау органдарының жұмысын терең және сапалы түрлендіруді талап ететінін айтқандықтан, есептің басым бөлігі жолдау жолдарын жүзеге асыруға негізделді. Бүгінгі таңда Ішкі істер министрлігі мен территориалды департаменттер бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте бірқатар қызметтерді біріктіру, іріктеу және кадр даярлау арқылы қызметкерлердің штаттық санын оңтайландырып, қызметке кірмейтін жұмыстардан босату жоспарланып отыр. Жанарбек Бақтыбаев облыстағы криминогендік жағдайларға тоқталып, ішкі істер органдарының жедел қызметтік шаралары туралы баяндады. Полиция мекемесі бастығының айтуынша, Шығыс Қазақстандағы аса ауыр қылмыс саны 36 пайызға түскен. Қарақшылық 34 пайызға тонау 18 пайызға, бұзақылық 34 пайызға төмендеген. Сөз соңында департамент бастығы сұрақ-жауап жүзінде әңгімелесті. Тұрғындардың көбін «Сергек» камераларын орнатуға учаскелік полиция инспекторларының қызметі, интернет желісі арқылы есірткі таратуға қарсы күрес мәселелері қызықтырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы мен педагог мәртебесі
13:52, 10 қыркүйек 2019
Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы мен педагог мәртебесі
Толығырақ...