ШҰҒЫЛ! КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ Толығырақ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

13:39, 12 ақпан 2019

Өскеменде алғаш рет облыс соты судьяларының қатысуымен вебинар өтті. Шара кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың жыныстық жуыспаушылығына қарсы құқық бұзұшылықтың алдын алуға арналған. Сот жүйесі мамандарының айтуынша, соңғы кезде бұл - өзекті тақырыптардың бірі. Соңғы кезде балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық айтарлықтай жиілеп кетті. Жасөспірімдер қолымен жасалатын қылмыстар көбеймесе, азаймай отыр дейді судьялар. Сондықтан вебинарға қатысушылар жағдайды жақсарту үшін тиісті шараларды қолданған жөн екендігін алға тартады. Шараға онлайн-конференция көмегімен облыстың түрлі аудандарының білім беру мекемелерінің 200-ден аса өкілі қатысты. Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары өкілдері ұстаздарды, ата-аналарды, мектеп инспекторлары мен психолог-мамандарын балаларға ерекше көңіл аударып, олармен байланыс орнатуға шақырады. Вебинар барысында қатысушылар сауалнамаларды толтырды. Сол бойынша жасөспірімдер ортасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде диагностика өткізілмек. Оның нәтижесі құзырлы органдарға тиісті шаралар қолданып, осы тектес қылмыстарды жою жолындағы өнімді жұмыс атқаруға мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
14:07, 25 сәуір 2019
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар