ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Қ.СӘТПАЕВ-120. ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

16:41, 12 сәуір 2019

Бүгін, 12 сәуір күні өзінің төл мерекесін космонавтар ғана емес, Қазақстанның ғылымы да атап өтіп отыр. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарының бірінде металлогения ғылымдарының негізін қалаушы, атақты геолог Қаныш Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Шара барысында академиктің есімі берілген дәрісхананың салтанатты ашылуы өтті. Міне, осылайша бүгін Қаныш Сәтпаевтың ізін жалғастырушы болашақ геологтарды даярлайтын оқу орнының бір бөлмесіне ғалымның есімі берілді. Атап өту керек, осыдан тура 120 жыл бұрын дәл осы күні Қаныш Сәтпаев дүниеге келді. Атақты геологтың ісін қазір оның туған немересі, Қ.И.Сәтпаев атындағы геология ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері геология-минерология ғылымдарының докторы Александр Третьяков жалғастыруда. Бүгінгі шараға қонақ болып келген ол, атасы жайындағы естеліктерімен бөлісті. Айтуынша, Қаныш Сәтпаев онкология ауруына ұшыраған. Кеңес үкіметі оған шетелге шығып, емделуге рұқсат етеді. Конференцияның ашылуында, жұртшылық назарына «Академик Қаныш Сәтпаев» атты деректі фильм ұсынылып, естеліктер айтылды. Ал, конференция қатысушылары геология мен жер қойнауын пайдаланудың инновациялық тәсілдерін және академик Қаныш Сәтпаевтың рухани мұрасын талқылады. Конференцияда академиктің немересі Александр Третьяков қазір болашағы зор әрі зерттеуді қажет ететін бірнеше аумақты қарастырып жүргенін айтты. Алайда, ол қандай жерлер екені әзірге құпия. Сәтін салса, күзде жаңалық жария болмақ. Бұл қатарда Шығыс Қазақстанның бары аян.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар