ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің іскерлік сапары

14:16, 9 қазан 2019

Сонымен қатар, Премьер-министр облыс орталығы Өскемендегі бірқатар нысанды аралады. Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйімен де танысып қайтты. Алдымен Үкімет басшысы облыстық онкология және хирургия орталығына барды. Орталық жұмыс істеген уақыттан бері онда түрлі деңгейдегі оталар жасалуда. Қатерлі ісікті емдеуде жоғары медициналық қызмет пен 3Д эндовидеохирургиялық ем түрлері қолданылады. Асқар Мамин барған келесі нысан №1 қалалық аурухана. Онда жылына 23 мың науқас ем қабылдайды. Емханада хирургия, травматология, урология, нейрохирургия, гинекология, инфекция және өзге де сырқаттармен түскен науқастарға медициналық көмек көрсетіледі. Емдеу мекемелерін аралап болғаннан кейін, Премьер-министр облыс әкімдігіне қарасты Ведомствоаралық бірыңғай ситуациялық орталық жұмысымен танысты. Нысанда аймақ басшысының қоғамдық қабылдау бөлмесі, инвестициялық орталық, 112-бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет, апаттық-коммуналды бөлімдер бар. Орталық ағымдағы жылдың 15 шілдесінде қолданысқа берілді. Содан бері тиімді жұмыс істеп келеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар