ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОБЛЫСҚА КЕЛДІ

15:13, 10 қазан 2018

ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы алға қойған негізгі міндеттерді түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келді. Облысқа сапар аясында премьер-министр Өскемендегі №46 орта мектептің заман талабына сай жабдықталған кластарын көрді. Бүгінде өңірде "Нұр Отан" партиясының бастамасымен қолға алынған жоба аясында 277 ІТ-сыныбы өз жұмысын бастады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен қарастырылған қаржы көлемі 287 милион 500 мың теңге.

Өскемендегі № 46 орта мектептегі заманауи робототехника кабинеті базасындағы ІТ сыныбы ноутбукпен жабдықталып, роботехникалық кешенді жиынтығымен қамтылған. Гуманоидты роботтор, 3D принтер мен мұғалімнің жұмыс істеуіне арналған интерактивті панелді тақта мен компьютер бар. Айта кету керек, мектептердегі ІТ сыныптар «Менің мектебім» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жоба. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев білім саласындағы бұл жаңашылдыққа жоғары баға берді.

Сонымен бірге мектепте тиісті құрал - жарақтармен жабдықталған физика, биология, жаңа модификациялық химия, зертхана кабинеттері ашылды.  Мектеп оқушыларын тереңдетіп оқыту мақсатында өңірдің  600 мұғалімі арнайы курстардан өтті. Өңірде колледждерде қолданылатын сертификатталған  бағдарламалар негізінде қосымша шығындарсыз, барлық әлемдік стандарттарға сай,  ҚР білім және  ғылым министрілігінің қолдауымен модульді бағдарлама жасақталды. Оның аясында  балалар бағдарламалау негіздері, робототехникамен жақынырақ танысуда.

Үш тілде білім беруге бағытталған жобаны жүзеге асыру мақсатына 2,1 миллиард теңге қарастырылды. Биыл жобаның үшінші кезеңінде физика, химия, биология, информатика, ағылшын және орыс, қазақ тілі пәндерінің 1300 мұғалімі қайта даярлық курстарынан өтті.   

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар