ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ А.МАМИН СЕМЕЙДЕ

14:15, 9 қазан 2019

Қазанның 8-і күні Семейге ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған үкімет мүшелері жұмыс сапармен келді. Ресми делегация қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Қаланың зиялы қауымымен кездесіп, Семейді дамытуға арналған кешенді жоспардың қабылданғанын жеткізді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған жоспар бойынша алдағы 5 жыл ішінде Семей әлеуметтік-экономикалық жағынан жан жақты дамитын болады. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері Семей экономикасына маңызы бар бірқатар нысандарды аралады. «Қарағайлы» шағын ауданындағы құрылыс барысын көрді. Мұнда қазір 20 көпқабатты тұрғын үй бой көтерген. Желтоқсан айында құрылысы аяқталатын «Абай арена» спорттық кешеніндегі жұмыстармен танысты. Сондай-ақ қаладағы ірі өндірістің бірі Семей автокөлік құрастыру зауытында болды. Мұнда корейлік автобустардың 8 түрі шығарылады. Бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Үкімет басшысы өндірістің жұмысымен танысқан соң қаланың зиялы қауымымен кездесті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған 2020-2025 жылдарға арналған Семейді дамытуға арналған кешенді жоспардың қабылданғанын жеткізді. Семейді дамытуға алдағы 5 жылға 260 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек. 5 жыл ішінде Семейдің құрылысы қарқын алып, жолы жөнделеді. Жарықтандыруы жақсарып, денсаулық, білім нысандары салынады. Жалпы қаламыз 7 бағыт бойынша дамып, 56 іс-шара қолға алынбақ. Асқар Мамин алдағы жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын Абайдың 175 жылдығын лайықты деңгейде атап өту керектігіне де тоқталды. Бүгін Семейді дамыту жоспары бекітілді. Алдағы 5 жылда қалада 4000 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Семейді дамыту жоспарын жүзеге асыруға үкіметтен толық қолдау бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар