ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

Қорытынды кездесу

08:51, 12 ақпан 2020

Өскемен қаласының былтырғы кірісі 53 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылы көрсеткішті едәуір ұлғайту көзделген. Бұл туралы бүгін қала әкімі Жақсылық Омар халық алдындағы есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Экономикалық көрсеткіштерді жақсартуда шағын және орта бизнестің рөлі зор. Қазір облыс орталығында олардың саны 29 мыңнан асады. Кездесуде тұрғындар тарапынан да біраз әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Өскемен бюджетінің жартысына жуығы, яғни 41,6 проценті қала инфрақұрылымына жұмсалды. Бұл шамамен 30 млрд. теңге. Бюжеттің басым бөлігі бағытталған тағы бір сала – білім беру ісі. 17 млрд. теңге дамытуға жұмсалды.  Тұрғын-үй саласында да жоспар ауқымды. Былтыр 26 көп қабатты баспана салынса, биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғызылып жатқан тағы 13 үйдің құрылысын аяқтау межеленіп отыр.

Қала тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту – көптің көкейіндегі мәселе. Әсіресе, Өскеменнің іргесіндегі Ново-Троицк, Северный, Красина кентінің жұрты біраз жылдан бері сапасыз судың зардабын көріп келген-ді.

Былтыр қолға алынған жобалар биыл да жалғасын табады. Әсіресе, қала көшелерін кеңейту, инфрақұрылымды жақсарту бағытында атқарылар жұмыс көлемді. Кездесу барысында қала тұрғындары бірталай әлеуметтік мәселелерді көтерді. Ең өзектісі – қар тазалау ісінде салғырттықтың болмауын сұрады. Айта өтейік, шаһар басшысының бұл қорытынды кездесуі. Бүгінге дейін әкім қаланың әр ықшам ауданы тұрғындарымен жүздескен еді.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...