ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары жеңілдетілді Толығырақ

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР

22:07, 3 сәуір 2020

Коронавирус жұқтырған 12 науқастың жағдайы ауыр. Ал біреуінің халі тіпті нашар. Мұны денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Бұған қоса 28  дәрігерідң осы дертке тап болғанын  жеткізді. Олар карантин енгізілген медициналық мекемелерде жұқтырған. Қазір эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал ел бойынша 13 467 адам коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болған. 13 025-і анықталып олар үй  карантиніне алынды.  442 адам шетелге шығып үлгеріпті. Жалпы бұл жаңа вирус өкпенің жұмысын төмендететіндіктен, жағдайы ауыр науқастар жасанды апаратқа қосылады. 12 науқастың жағдайы нашар. Өкпесіне әсер етеді. 8-і жасанды вентиляцияға қосылған. 50-ден асқан азаматтар. Негізі жастар да бар, бірақ көбі 60-65 жастағы азаматтар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар