ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Көптен күткен баспана

15:08, 12 шілде 2019

Бұл күні акция аясында Зайсан ауданында 11 көпбалалы отбасы жаңа үйге қоныстанды. Сонымен қатар 1974 баланы бірыңғай формамен қамтамасыз ету үшін  36 миллион 810 мың теңге қаржы бөлінді. Жоғарғы оқу орындары мен колледждерде білім алуға ниетті балғындар үшін грант бөлу мәселесі де шешімін тауып келеді. Әлеуметтік мәселені  жүзеге асыру барысында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Зайсан ауданында  көпбалалаы аналар мен тиісті сала басшыларынан жасақталған комиссия құрылып, ауылдық жерлерде мал ұстауға жарамды, бақша дақылдарын өсіруге ыңғайлы үйлер таңдалып алынды. Нәтижесінде көпбалалы отбасыларға жаңа баспана кілттері табысталды.Аудан көлемінде көрсетілетін әлеуметтік көмектер әлі де жалғастырылуда. Мәселен, көпбалалы отбасынан шыққан мектеп жасындағы 1974 баланы бірыңғай формамен қамтамасыз ету мақсатында 36 миллион 810 мың теңге қаражат қарастырылып отыр. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындары мен колледждерде білім алуға ниетті балғындар үшін грант бөлу мәселесі де шешімін тауып келеді. Көңіл қуантарлық тағы бір жайт ауданда мамырдан бастап, көпбалалы отбасыдан шыққан және ерекше күтімді қажет ететін балалар балабақшада тегін білім алуда. Көгедай ауылындағы Қойшыбаевтар отбасы үшін қуанышты күн. Себебі, бұған дейін тар әрі апатты үйде тұрып келген отбасы жаңа қонысқа ие болды. Аудан әкімінің қолынан баспана кілтін алған жанұя екі қабатты зәулім үйге қол жеткіземіз деп ойламаған. Әсіресе, бүлдіршіндер үшін бұл үлкен сый. Тар бөлмеде тарылған уақыттың артта қалғандығы да көңілге жылылық ұялатты. Бірнеше жыл бойы баспана зардабын тартып келген отбасы көмек қолын созған азаматтарға риза. 12 жылдан бері уақытша салынған үйді паналап келген. Енді міне 8 бірдей баланы тәрбиелеп отырған Мұратбековтер әулетінің де мерейі үстем болып, баспанаға қол жеткізді. Аяулым мен Заринаның жеке бөлмелері бар. Бүлдіршіндер жаңа үйде асыр салып ойнап, жүздері қуанышқа бөленді.  Отағасы Серік Мұратбеков алдағы уақытта жаңа баспанада құрылыс жұмыстарын жүргізіп, мал ұстап, бау-бақшамен айналыспақ. «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында ипотекалық несиелендіру арқылы тұрғын үймен қамту жағы да қарастырылуда. Сонымен қатар баспанадан бөлек көпбалалы жанұяларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар