ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Көптен күткен баспана

13:30, 10 маусым 2019

Риддерде жылдар бойы үй кезегін күткен көп балалы 5 отбасы пәтерлі болды. Жаңадан бой көтерген баспананың алғашқы тұрғындары атанған жандардың қуанышына біздің әріптестеріміз де куә болып қайтты.Көп балалы 5 бірдей жанұя үшін бұл ұмытылмас күн. Баспаналы болып, бақытқа кенелген жандар ондаған жылдар көлемінде үй-үйді жалдап, күнелтіп келген. Енді, міне, қолдарына өз пәтерлерінің кілтін алып, мәз-мейрам. Үлкені де, кішісі де қуаныштан көздеріне жас алды.5 баланы арқалаған ана Мейіргүл Алтайбекқызы жылдар бойы пәтер жағалап, баспана азабын тартып келді.3 бөлмелі пәтерге қолы жетіп, баспана бақытын сезініп жатқан жандардың бірі – көпбалалы ана Гүлнәр Нұрбекбаева. Отағасы екеуі 10 жылдан аса тұрғын үй кезегінде тұрғандарын айтады. Армандарына жетіп, міне, жанұясымен өз шаңырақтарының табалдырығын аттады.Бой жетіп қалған Дарьяның да көптен күткен тілегі орындалды. Енді оқушының өз бөлмесі бар. Жарық, әрі кең.Баспана Риддердің жаңа ықшам ауданында бой көтерген. Маңайында бірнеше балабақша, мектеп, колледж сияқты білім ошақтары бар. Жақында үйдің маңайы абаттандырылып, жанынан өзге де әлеуметтік нысандар бой көтереді.Риддерде үй кезегін күткен тағы 36 көп балалы отбасы бар. «Баспана құрылыстары қарқынды жүріп жатыр, сондықтан жақын арада барлығын баспанамен қамтамасыз етеміз» дейді жергілікті әкімдік өкілдері.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар