ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК

13:55, 9 қыркүйек 2020

Облыста  25000-нан астам көпбалалы отбасы бар. Оларға мемлекет тарапынан бірнеше бағытта әлеуметтік көмек көрсетіледі. Аналар мәселесін шешу үшін кешенді жұмыстар атқарылуда. Барлық аудан мен қалаларда қоғам белсенділері мен көпбалалы аналардың өздері жетекшілік ететін арнайы комиссиялар құрылған. Мұнда ұлттық нақышта қыз жасауы мен бөстектер, мақтадан көрпешелер дайындалады. Шеберханаға келген нәзікжандылар қабілетіне қарай тапсырыс орындауға көмектеседі.  Тігін шеберханасының жұмысы көктемде бетперде тігіп, көпбалалы аналарға тегін таратудан басталған. Күзде түскен грант қаржысы қосымша керекті заттар мен құрылғы сатып алуға жұмсалыпты.

Қазіргі уақытта бір қызметкер ою ойса, екіншісі мақта көрпешелерді тігеді. Бұл жерде бас қосқан аналар табыс тауып қана қоймай, сырласып, бір-біріне қол ұшын созады. Жалпы, қазіргі уақытта көпбалалы отбасыларға мемлекеттік қолдау ерекше. Биыл 271 көпбалалы ана баспаналы болды. Бастапқы жарналары болмағандар да қолдаусыз қалған жоқ. 88 ана тұрғын үй сертификатын иеленді. Солардың бірі – Гаухар Ермекова. Бүгінде көпбалалы ана  төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдеп, баспанаға қол жеткізді.  Жыл соңына дейін тағы да 766 көпбалалы отбасының баспана мәселесі біржола шешіледі. Бүгінде облыста атаулы әлеуметтік көмек 9700 отбасыға төленеді.  Оның 3300-і көпбалалылар. Сонымен қоса 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар  12000  отбасы ай сайын табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жәрдемақы алады.                                    

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар