ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Көпбалалы отбасыларды қолдау

14:59, 4 шілде 2019

26 маусым күні облыс әкімдігінде өңірдің көпбалалы отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету жөнінде комиссия отырысы өткен болатын. Жиында аймақ басшысы Даниал Ахметов мемлекеттік орган  өкілдеріне бірқатар ескерту жасап,  жауапты тұлғаларға жұмыстағы кемшіліктерді жоюды тапсырған. Аталған мәселеге қатысты қандай шаралар атқарылғаны жөнінде өңір басшысы журналистермен бөлісті.Өткен айдың соңындағы қоғамдық комиссия отырысында белгілі болғандай, 230 көпбалалы отбасы үймен қамтамасыз етіледі. Облыс басышысы Даниал Ахметов атап өткендей, бұл сұрақ таяу 10 күннің ішінде шешімін табады. Аудандар мен қалалардағы көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша облыста белсенді жұмыстар жалғасуда. Көпбалалы отбасыларға жеке тұрғын үй құрылысын биылғы жылдың қазан-қараша айларында бастау көзделіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар