ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ

19:31, 24 сәуір 2019

Тұрғын үй кезегінде тұрған 32 мыңға жуық көпбалалы отбасы үшін бөлек кезек жасалады. Осылайша, олар биылдан бастап шаршы метрі 115 мың теңге болатын жалдамалы баспанаға ие бола алады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бір топ депутаттың бастамасымен дайындалған жаңа заң жобасы талқыланды. Құжатты таныстырған депутат Шавхат Өтемісовтың сөзінше бұл заң аз қамтылған азаматтардың баспана мәселесін шешуге үлкен көмек болады. Бағдарлама бойынша үйлер сатып алу құқығынсыз беріледі. Яғни, ешқашан жеке меншікке өтпейді, бірақ, балаларыңыз қанша жасқа толса да, өзіңіз баспана алғанша тұра беруге рұқсат беріледі. Осы мақсатқа Нұрлы жер бағдарламасы бойынша жыл сайын 50 млрд. теңге қаражат бөлінетін болды. Нәтижесінде жылына кем дегенде 6 мың пәтер тапсырылады. Заң жобасы бірауыздан мақұлданып, Сенатқа жіберілді. ҚАЗАҚСТАНДА АЙЫППҰЛ МӨЛШЕРІ ТӨМЕНДЕЙДІ Сондай-ақ, жалпы отырыста әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне түзетулер енгізу туралы Заңы мақұлданды. Оған сәйкес, елімізде айыппұл мөлшерін азайту қарастырылып отыр. Реттеуші органдардың ұстанымына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдарын азаматтық немесе тәртiптiк iс жүргiзу арқылы қарауға болады. Заң жобасымен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың отыз екі құрамын алып тастау ұсынылған. Ал, қырық төрт құрамы бойынша айыппұл мөлшерін азайту, он құрам бойынша әсіре қатаңдықты төмендету, алты құрам бойынша ескерту енгізу ұсынылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл
17:38, 14 тамыз 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл...
Толығырақ...