ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Көпбалалы аналар баспана алды

14:31, 10 шілде 2019

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында болды. Өңір басшысы көпбалалары аналармен кездесіп, пәтер кілттерін табыстады. Толығырақ тілші материалында. Ақсуат ауылындағы сегіз көпбалалы аналар баспанамен қамтамасыз етілді. Кілттерді салтанатты табыстау рәсімінде облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа үй иелерінің көбі жас аналар екені қуантатынын айтты. Сол сияқты, жалғызбасты және көпбалалы аналарды қолдау жұмыстары ең алдымен аудан орталықтары мен ауылдарда басталып, Өскемен мен өзге қалаларда жалғасатынын жеткізді.Бұл күні қуанышқан кенелген тағы бір жан, 4 бірдей баланы   жалғыз тәрбиелеп отырған  Балжан Сейілханова.  Жыл басында кезекке тұрған жалғыз басты ана пәтер іздеп сандалатын күндер артта қалғандығын айтып, жеке баспанасында жиһаздарды орналастыру барысын да ойластырып қойған.Талай жылдан бері баспана зардабын тартып келген  Құмарбековтер отбасы  небәрі 9000 теңгеге күн көріп келген.  10 жылдың көлемінде пәтрден-пәтерге көшіп жүрген көп балалы ана Базагүл Тоқтархан балаларын асырап жеткізуде отағасының 1 топ мүгедектігі қиын болды дейді. Енді міне баспаналы болған отбасы игі істі қолған алған азаматтарға өз алғыстарын жеткізді.Аймақ басшысы көп балалы және аз қамтылған отбасыларына атуалы әлеуметтік көмекпен  қатар мектеп формасымен  қамтылатып жатқандығын  айтты. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім алуда түрлі жеңілдіктер де қарастырылған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар