ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

17:42, 16 қазан 2020

Көп балалы аналарды баспанамен қамту жұмыстары аймақта қарқынды жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдау аясында өз кәсібін бастауға ниет еткен аналарға мемлекет тарапынан түрлі гранттар бөлінуде. Сондай-ақ өңірдің көп балалы аналары баспанамен де қамтамасыз етіліп келеді. Жалпы, аймақта көпбалалы аналарды қолдау бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда.Зайсан ауданының тұрғыны  Зәуре Баймұхаметова 19 құрсақ көтерген  көп балалы ана. Облыста көп балалы аналарды баспанамен қамту бастамасы аясында жаңа пәтерге ие болған. Ал бұған дейінгі баспанасы  8 баламен тұруға таршылық еткен. Су жаңа баспананың кілтін алып, қоныс тойын тойлайтын күнді 6 жылдан астам уақыт күткен.  Зәуре Баймұхаметованың балалары оқу озаттары. Облыстық деңгейдегі түрлі білім сайыстарының жүлдегерлері. 

Зайсан ауданындағы аналарды баспанамен қамту мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдыға қойған жоспар айқын, атқарылар шаралар легі де ауқымды. Қуанышқа кенеліп, қоныс тойын тойлаған көп балалы аналардың тағы бірі Зухра Тілеубердинова. Ол бұған дейін 14 жылдан астам уақыт пәтер жалдап келген. Енді міне көптен күткен баспанаға қол жеткізіп, пәтерден-пәтерге көшкен күндер артта қалғанына әлі сене алар емеспін дейді. Бала тәрбиесімен үйде отырған ана ұл-қыздары өте бауырмал, үлкендері бауырлары мен қарындастарына сабақ қарап, мектеп бағдарламасын меңгеруде қол ұштарын созып жүретіндігін айтады. Мемлекеттік қолдаудың игілігін көрген  Зухра Тілеубердинованың айтар алғысы да шексіз. Зайсан ауданында көпбалалы отбасыларға арналған сегіз үй бой көтерді. Ал тағы сегіз үйдің құрылысын 1 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар келесі жылы 50 үйдің құрылысы басталады.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар