Қоныс аударғандарға баспана жалдау ақысы өтеледі

Оңтүстіктен солтүстік және шығыс аймақтарға түпкілікті көшетіндердің баспана жалдауына субсидия бөлінбек.

21:50, 15 наурыз 2017   175

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Министр арнайы мемлекеттік бағдарлама іске асқаннан бері оңтүстіктен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарына 19 мың адам көшкенін жеткізді. Қоныс аударғандар қызметтік пәтерлер мен жатақхана бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Барлығы тұрақты жұмысқа орналасқан.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24