ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Коммуналдық қызмет жұмысы назарда

17:18, 20 наурыз 2020

Бүгін шаһар басшысы Жақсылық Омар қаланы аралап, коммуналдық қызмет жұмысымен танысты. Рейд барысында жауаптылар облыс орталығындағы көшелердің тазалығын тексеріп, өз жұмысына салғырт қарағандарға ескерту жасады.

Шаһар басшысы бірінші кезекте қаланың орталық көшелерін аралады. Қабанбай батыр, Қазақстан, Антон Чехов көшелері және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы қүл-қоқыстың тазартылуына баса мән берді. Әкімнің айтуынша, қаланы тазалау жұмыстарына барлығы 85 техника және 100-ден аса адам жұмылдырылған. Келесі кезекте тексеру жұмыстары  Абай даңғылының бойында жалғасты. Автобекет маңында орналасқан бірнеше дүңгіршек жаяу жүргіншілерге кедергі келтіреді деп санаған жауаптылар оларды алып тастау туралы арнайы тапсырма берді.

Сонымен қатар рейд барысында қаладағы аялдамаларды дезинфекциялау жұмыстары тексерілді. Әзірге тек қана жылы аялдамалар ыстық су және физраствормен заласыздандырылуда. Сондай-ақ жол мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жолдағы шұңқырларды қайта жөндеу жұмыстарына 150 млн теңге бөлінеді. Орта жөндеу жұмыстары Бажов, Виноградов, Қабанбай батыр және Меновное кентіндегі Ярославский көшелерінде тамыз айының соңына дейін жалғасады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...