
Қаламызда істен шыққан көліктерді қайта өңдеу бағдарламасы іске қосылды. Енді тұрғындар ескі немесе жол апаты салдарынан жүруге жарамай қалған темір тұлпарларын өткізіп, өтемақы ала алады. Тұрғындар істен шыққан көліктерді қаламыздағы қайта өңдеу бекетіне әкеліп өткізе алады. Өткен жылы шаһарда 1544 жеңіл көлік, 40 автобус, 10 жүк көлігі қайта өңделген. Айта кетерлігі, көлік үшін азаматтар өтемақы алады. Жеңіл көлік үшін 210 мың, автобус үшін 440 мың және жүк көлігі үшін 630 Көліктер қоршаған ортаға зиян келтіретін негізгі 3 фактордың қатарына кіреді. Ірі қалаларда көліктердің жыл санап көбеюіне байланысты атмосферадағы зиянды көміртектің үлесі күрт өскен. Осыған байланысты Энергетика министрлігі азаматтардан көлікті сатып алу және қайта өңдеу бағдарламасын ұсынған болатын. Қала тұрғындарының пікірінше, ескі көліктерді өткізген дұрыс. Сонымен қатар олар өтемақы көлемін көбейтсе деген тілегін жеткізді. Еліміз бойынша көліктерді қайта өңдеу 4 жыл бұрын басталды. Алғашқы жылы 516 көлік қабылданса, кейінгі жылдары көрсеткіш 1500 көліктен асып жығылды. Барлық өңдеу процедурасынан өткен көліктер Қарағанды қаласындағы зауытқа жеткізіледі.